Жаңа жыл алдында Қаржы министрлігі қызметкерлері 3-4 айлық есебінде, шамамен 1 млн теңгеге дейін сыйақы алады. Бұл туралы ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев айтты. Ол «Курсив» тілшісіне берген жауабында сыйақының 1 млн теңгеге жетуі мүмкін екендігін атап өтті.
Министрдің айтуынша, сыйақы төлеу үшін қосымша бюджет қаралмайды. Бұл министрліктің үнемдеп қалған қаражаты есебінен төленеді.
«Мұның бәрі заңды. Әр орган өзі шешім шығарады. Біздің министрлікте аймақтар бөлек қаржыландырылып, орталық аппарат бөлек қаржыландырылады. 3-4 айлық есебінде сыйақы беріледі»,– деді министр.
Жамаубаевтың айтуынша, министрліктегі жалақы деңгейі төмен. Сондықтан оның есебі бойынша қарапайым қызметкерлер шамамен 1 млн теңгеге дейін сыйақы алуы керек.