Қазақстандық миллиардер Владимир Кимге тиесілі «Қазақмыс» компаниясында биыл өндірістік жарақаттану өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп болған. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смаилов айтты.
Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда жылына 2 мыңға жуық адам өндірісте жарақат алса, 200 астам азамат қайтыс болады.
«Қазақмыс» компаниясында биыл өндірістік жарақаттану былтырмен салыстырғанда 3 есе өссе, бұрынғы «АрселорМиттал Теміртауда» адам өліміне алып келген жағдайлар саны 7 есе өскен», – деді премьер.
Бұдан бөлек, ол қазіргі адам өмірін сақтандыру жүйесі өндіріс компанияларын еңбек жағдайын жақсартуға жол ашпайтынын айтты. Дәл қазір тек 32% өндіріс орны өз қызметкерлерін сақтандырған.
«Көптеген елдерде Сақтандыру компаниялары сақтандыру сыйақысының белгіл...