KASE индексі шоғырлануын жалғастырып жатыр. Нарықтағы акциялар индекстің кез келген құбылуын бейтараптандыратын көп бағытты динамикаға сүйенді. Ал Лондон қор биржасында Қазатомөнеркәсіп тағы да қарқынды өсім көрсетті. «Қазатомөнеркәсіп» бағалы қағаздары жұма күні 10,3%-ға өсті. GDR бағасы тағы да құбылып, 50 күндік жылжымалы орташа мәнді бұзды. Еске салайық, соңғы рет мұндай секіріс үлкен нәтиже әкелмеген.
Қараша айында уран бағасы 15 жылда алғаш рет 80 доллардан асқан болатын. Бірақ уран қымбаттап жатқан кезде «Қазатомөнеркәсіп» акциялары біршама арзандады.
Қазірдің өзінде уранның бір фунты 91 доллар тұрады. Morgan Stanley сарапшылары баға келесі жылдың бірінші жартысында 95 долларға дейін көтеріледі деп болжайды. Өзге де сарапшылар...