Биылғы қаңтар-шілде айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4% – ға артып, 1 997,3 млрд.теңгені құрады. Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,4% – ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстар бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын Ақмола – 111,8%, Жамбыл – 104,2%, Павлодар – 103,9%, Шығыс Қазақстан, Қарағанды-103% және Қостанай – 102,7% облыстарында байқалды.
Мал шаруашылығындағы мал мен құс санының өсуі барлық түрлерде байқалады. Ірі қара мал басы 4,8% – ға артып, 9 млн.басты, қой мен ешкі – 2,5% – ға (24,1 млн. бас), жылқы-9,4% – ға (3,5 млн. бас), құс-7,1% – ға (49,7 млн...