Инвестициясыз жылу электр орталығын жаңғырту қиын. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда Ресейдің қатысуымен салынатын 3 жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылысына қатысты пікір білдіргенде осылай деді.
Журналистер Сенат төрағасынан Ресей Қазақстанға 3 ЖЭО салуға неге құлшынып отыр, мұның соңында АЭС құрылысына келісім рәсімдеу «қулығы» жатқан жоқ па деп сұрады.
Сенат төрағасы Ресейдің қатысуымен салынатын 3 жылу электр орталығының құрылысынан «қулық» іздемеу қажет екенін меңзеп: «Мұндай мәселе жоқ. Бұл мәселені бұлай қарастырмау керек. АЭС құрылысы бөлек мәселе. Мемлекет басшысы атап өткендей, жалпыхалықтық референдум өтеді. Атом электр станциясын салу қажет пе, қажет емес пе деген мәселені ел азаматтары шешеді. Азаматтар бізге АЭС қажет деген...