Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «АрселорМиттал Теміртау» иесі ауысқанымен компания болған апаттар үшін жауапкершіліктен қаша алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Костенко шахтасындағы апатқай байланысты өткізілген брифирнг барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, кәсіпорын жұмысшыларының алдындағы міндеттемені орындаудан да компания жалтарып кете алмайды.
«Меншік иесінің ауысуы ұжымдық келісім-шарт аясында компания міндеттемелерін орындау жөніндегі жауапкершіліктен толықтай босатады деген алып-қашпа сөздерді жоққа шығарғым келеді. Меншік иесінің ауысуы еңбек ақының көлеміне және кәсіпорын жұмысшыларының алдындағы әлеуметтік міндеттемелерге ешбір әсер етпейді», деді Бөлекпаев.
Айтуынша, бұл шахтада 1400 ден аса адам жұмыс істейді.
Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының инвесторлары ауысқан жағдайда...