Отандық қор биржасының ауқымы аса үлкен емес. Дегенмен жыл санап биржадағы бәсеке күшейіп, инвестиция әліппесін меңгермекке талпынушылар саны артып келеді. Тиісінше, отандық компаниялар да қор нарығындағы жауапкершілігін сезініп, дивиденд төлейді. Дивидендтің не екенін егжей-тегжей баяндап жатпай ақ қояйық, оның компания акционерлеріне төленетін құн екенін көпшілік жақсы білер. Мұны бір ауыз сөзбен компания басшылығының ар-ұятына балау жетіп жатыр. Биыл отандық компаниялар дивиденд төледі ме? Төлесе, қанша төледі?
2021 жылы ең көп дивиденд мөлшері «Қазақтелекомға» тиесілі болыпты – 1730 теңге. Ол жылы «Қазатомпром» өз акционеріне 578 теңге төлеумен шектеліпті. «ҚазТрансОйл» мен «KEGOC» 132 және 152 теңге төлесе, Kcell төлемі 100 теңгеге де...