2024 жылдан бастап ОПЕК+ мұнай өндіруді күніне 2 млн баррельге дейін азайтады. 30 қарашада JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы және бейнеконференция форматында ОПЕК+ 36-шы министрлік кездесуінде ұйым мүшелері осындай келісімге келген.
Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда мұнай өндіру күніне 82 мың баррелге қысқарады. Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан 2023 жылдың сәуір айынан бастап, күніне өндіретін мұнай көлемін 78 баррельге қысқартқан. Осы екі қысқарту келісімін алып тастағанда, Қазақстанның мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1 млн 468 мың баррель болады.
«Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарығының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге бағытталған», – делінген министрлік хабарламасында.