Қазақстандаға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты және Талдықорғандағы зорлау оқиғасынан кейін, депутаттар бұл мәселені жиі көтере бастады. Сенатор Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымының еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен харассментті жою туралы конвенциясын ратификациялауды ұсынып, премьер-министрге сауал жолдады.
Қоғамды тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі айрықша алаңдатып отырғанын алға тартқан депутат соңғы үш айда елімізде осы саладағы заң бұзушылықтың 4 есе артқанын айтады.
«Әдепсіз әрекеттер әдетке айналып барады. Кейбір азаматтар өзгелерге түрлі деңгейде тиісу, дөрекілік таныту, зәбір көрсету, қысым жасауды қалыпты жайт ретінде қабылдайды. Қылмыстың кез-келген түрін ақтауға болмайды. Озбырлық түбі – ойран. Сондықтан заң бұзушылыққа мүлдем төзбеу, зорлық-зомбылыққа...