Асылзат ИСАТАЕВА, стартапер: дәрігерлер AI технологияларын қолдана алады деген тұжырым заңнамада жоқ
Фото: жеке архив
IT саласында биыл трендте болған тақырып — жасанды интеллект. Осы бағыттағы жобалар, AI-дың Қазақстандағы қарқыны туралы Kursiv Media аз жазған жоқ. Отандық стартаптарға үнемі шолу жасап жүреміз. Бір күні стоматологияда жасанды интеллектіні қолданысқа енгізген Асылзат Исатаеваның әлеуметтік желідегі парақшасына көзіміз түсті. Елде жоқ ерекше стартап иесімен сұхбаттасып, тілдескен едік.
Асылзат Исатаева — қазақстандық IT-кәсіпкер, AIdentis стартабының негізін қалаушы. Бұл жоба — жасанды интеллект негізінде тістің рентген суретіне анализ жасауға арналған бұлтты сервис. Стартаптың басты мақсаты — тіс дәрігерлерінің жұмыс барысын жылдамдатып, адами қателіктер ықтималын барынша азайту. Кейіпкеріміз туралы айтпас бұрын жобаның қалай жұмыс істейтініне тоқталайық.