Қазақстандықтар үш адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құра алады. Палатаның жалпы отырысында Мәжіліс қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Бұл Заң жобасы қазақстандықтардың кемінде үш адамнан тұратын топпен бірлесіп қоғамдық бірлестік құруына мүмкіндік береді. Қолданыстағы заңға сәйкес ол үшін кемінде он адам қажет.
«Заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі дамыту және жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін оңайлату мақсатында әзірленді. Бұл жоба халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың бірлестіктер бостандығына құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Оған сәйкес, азаматтарға топтың кемінде үш адамнан тұратын қоғамдық бірлестік құруға мүмкіндік беру мәселесі қамтылған. Сонымен бірге қолданыстағы заңнаманы...