«Қайрат» – «Андерлехт» ойыны Орталық стадионда өтеді: алаңның сапасы қандай

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Kairat's, Real Madrid, U19
«Қайрат» – «Андерлехт» ойыны Орталық стадионда өтеді / фото: Алматы әкімдігі

Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық «Андерлехтпен» кездеседі, деп хабарлайды Kursiv Media. Алғашқы ойын 20 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді деп жоспарланған. Дегенмен 15 тамызда дәл осы алаңда америкалық рэпер Канье Уэсттің ауқымды концерті өтіп, жанкүйерлер арасында жасыл алаңның сапасына қатысты үлкен алаңдаушылық туды.

Әлеуметтік желіде тараған жаңа бейнежазбада стадиондағы қазіргі жағдай анық көрінеді.

Жабынның реңі біркелкі жасыл түсін жоғалтқан, кей жерлері сарғайып, тығыздалып, тапталғаны байқалады. Сахна мен ауыр металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстары әлі де белсенді жүріп жатыр. Алаңға төселген арнайы қорғаныш пластик плиталары біртіндеп жиналып жатыр.

View on Threads

Концертті ұйымдастырушы компания бұған дейін іс-шарадан кейін жасыл алаңды толық қалпына келтіру және агротехникалық күтім жұмыстарын өз мойнына алатынын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз