Қазақстанда жасырын кен орындарын анықтауға бағытталған жаңа геологиялық бағдарлама басталды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, бұл – 1:50 000 масштабындағы екінші буын геологиялық түсіру (ГС2-50) жобасы. Оның мақсаты – жердің терең қабатында жатқан пайдалы қазбаларды заманауи әдістермен зерттеу және елдің минералдық-шикізат қорын толықтыру. Бағдарлама аясында басты назар геохимиялық түсіруге аударылады.…