Қазақстанның магистральдық мұнай құбыр жүйесі арқылы ішкі нарыққа мұнай тасымалдау құны алдағы бес жылда кезең-кезеңімен қымбаттайды. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» компаниясы хабарлады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 тонна мұнайды 1000 шақырымға тасымалдау құны 6 777,76 теңге болмақ. Бұл көрсеткіш қолданыстағы тарифтен 1 862,55 теңгеге жоғары. Яғни тариф 37,9%-ға қымбаттайды. Одан…