«Солтүстік Шығыс Дощан» кен орнын игеру бойынша қоғамдық тыңдау өтеді. Бұл туралы Қазақстандағы қытайлық «ПетроҚазақстан Венчерс Инкорпорейтед» компаниясы хабарлады.
«ПетроҚазақстан Венчерс Инк.» ҚФ «Солтүстік Шығыс Дощан кен орнын игеру жобасы» жобалық құжатының «Қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы» бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Тыңдау: 16.02.2024 жылы сағат 11:00-де Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, №12 мекен-жайында өтеді», – делінген компанияның мәлімдемесінде.
Қоғамдық тыңдауға ҚР Экологиялық кодексінің талабы негіз болды. Жобаның мақсаты – өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық заңнама талабына сай келетін «Солтүстік-Шығыс Дошан» кен орнының бүлінген жерлерін қалпына келтіру. Сонымен қатар экологиялық, әлеуметтік-экономикалы...