Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпіздік комитетімен бірігіп, заңсыз істеген 326 лото клуб қызметіне тосқауыл қойды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
13 қаңтарда Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен лотерея клубтарының атымен жұмыс істейтін заңсыз онлайн-казинолардың ірі желісін жойған. Ауқымды арнайы операцияны жүргізуге Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш мыңнан астам қызметкері жұмылдырылған.
Жүргізілген іс-шаралар барысында заңсыз ойын ұйымдастырудан бөлек өзге қылмыстар ашылған.
«Жұмыс барысында ойын мекемелеріне ықпал етіп, қамқорлық еткен криминалитеттер де анықталды. Олар лото клуб қызметкерлері мен клиенттеріне қатысты қылмыс жасағаны белгілі болды. Заңсыз...