Фото: kursiv.media
Ұлттық банк Қазақстанда тұруға ықтиярхаты немесе уақытша тұруға рұқсаты жоқ шетелдіктерге банк картасын беруге тыйым салатын қаулы жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Қаулы жобасында Қазақстанда уақытша жүрген немесе тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға банк картасы тұруға ықтиярхаты немесе уақытша тұруға рұқсат қағазы болса ғана ашылатыны жазылған. Құжат түсіндірмесінде банк картасын клиенттің өзі келіп және «Қазақстан аумағында жүруін растайтын құжаттарды» көрсеткен жағдайда ғана беруге болаты айтылған.
«Қазақстан Республикасына уақытша келетін немесе тұрақты тұратын шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған тиісінше Қазақстан...