Ермек Имантаев ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлады деген айыппен сотталды. Бұл туралы Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Имантаев Ақтөбе ӘКК басқарма төрағасы бола тұра, «Садовое» тұрғын үй алабында орналасқан көлемі 24 га жер учаскесін, бағасын 10 есе түсіріп заңсыз түрде сатқан.
Сотталушы жердің нарықтық құнын қасақана 20 млн теңгеге дейін төмендетіп, жер учаскесі туралы жалған ақпарат ұсынып, төлемдің жасалмағанына қарамастан, жалған сатып алушы С.-пен заңсыз сатып алу-сату келісімшартын жасаған.
Әрі қарай, жер учаскесі жалған тұлға С.-қа қайта рәсімделіп, жердің нысаналы мақсаты «жеке тұрғын үй құрылысынан» «көпқабатты тұрғын...