фото: kursiv.media
Қазақстан Республикасының қаңтар-маусым айлары аралығындағы сыртқы саудасына қатысты дерек жарияланды. Мәліметті Сауда және интеграция министрлігі ұсынды.
Қазақстанның негізгі сауда серіктестері қай елдер?
Министрлік жариялаған мәліметтерден байқағанымыздай, Қазақстанның басты сауда серіктестері қатарында Қытай, Ресей, Италия көш бастаған.
Қазақстан мен Қытай тауар айналымындағы сауда серіктесінің үлес салмағы 20,2%-ға артқан. Оның ішінде өзара тауар айналымының экспорттық үлес салмағы – 46.6%, ал өзара тауар айналымының импорттық үлес салмағы – 53.4% болған. Екі елдің арасындағы сауда қатынасы 13.6 млрд долларға жеткен.
Араларын әлемдегі ең ұзын шекара бөліп жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымының қаржылық көрсеткіші 12.7 млрд. доллар...