Америкалық Meta осы аптаның басында Threads әлеуметтік желісінің веб-нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп жазады Интерфакс The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
Қосымшаның дербес компьютерлік нұсқасы шілдеде іске қосылған және X платформасымен бәсекелесетін Threads-ке осы мәселеге қатысты көп сұраныс түскен. Сонымен қатар, бұл нұсаны қосу бұл қосымша қызметіндегі үлкен өзгеріс болмақ.
Threads қолданбасы негізінен смартфон пайдаланушыларына арналған. Жалпы браузер арқылы әлеуметтік желідегі жеке жазбаларды көруге болады, бірақ ондағы мүмкіндіктер шектеулі болған.
Instagram платформасының басшысы Адам Моссери Threads веб-нұсқасы қазірдің өзінде Meta-да ішкі тестілеуден өтіп жатқанын және жақын арада іске қосылатынын жұма күні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында...