Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері алдын ала деректерге сәйкес 274 млн АҚШ долларына төмендеп, 34,2 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.
Теңге 1,4%-ға нығайды
Теңге бағамы шілденің қорытындысы бойынша 445,89-ға дейін – 1,4%-ға нығайды. Жалпы, бұл ай ұлттық валюта үшін позитивті болды – нығаю үрдісі мұнайға белгіленген бағаның өсуіне және бейрезиденттер қаражатының мемлекеттік бағалы қағаздарға әкелінуіне де байланысты болды.
«Шілде соңында Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына бейрезиденттердің салымдары жыл басынан бері 178 млрд теңгеге ұлғайып, 559 млрд теңгені құрады. Шілде айында ғана ҚР мемлекеттік борышына жаңа қаражаттың әкелінуі шамамен...