Қарағандыдағы екі ЖЭО-ны жөндеуге биыл 13 млрд жұмсалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында айтылды.
Роман Скляр Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстарымен танысты. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО-сының бас директоры Владимир Яблонскийдің айтуынша, үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ жетінші қазандықты салу бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктірілуде: нысанда жұмысшылар жетпей жатыр, негізгі жабдықтар кешігіп орнатылуда.
Мердігер ұйым басшылығыныңесебін тыңдаған Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін ескертті. Сонымен бірге премьер-министрдің орынбасары Теміртаудағы жылу желілерінің жөндеу барысымен танысты. Жұмыстар жылу беру маусымы басталғанға...