Ұлттық статистика Бюросының мәліметтері бойынша, 2023 жылдың маусым айында азық-түлік тауарларының бағасы – 14,6%, ал азық-түлік емес таурларының бағасы – 15,8%, ақылы қызмет көрсету бағалары 13,3%-ға өскен. Бұл жағдайда, орташа еңбекақы былтырғымен салыстырғанда, 27%-ға артыпты. Осы орайда Freedom Life ӨСК талдаушылары инфляция барысында орташа еңбекақының қаншалықты өзгергенін және бұл жағдайда жеке бюджетке ауыртпалық салмай, ірі сатып алулар жасау үшін, қалай ақша жинауға болатынын таразылап көрді.
Зерттеу кезінде мамандар елімізде соңғы бес жыл ішінде, орташа еңбекақы жыл сайын 15%-ға, ал инфляция сол кезең ішінде орташа алғанда 10%-ға өсетінін анықтады.
5 жыл ішінде, орташа еңбекақының және инфляцияның өзгеруі
Ресми көрсеткіштер бойынша, орташа...