Соңғы жарты жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша 20 мың кәсіпкерді қамтыған бизнестің 400-ден астам проблемалық кейстері өз шешімін тапты, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Агенттік мәліметінше кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілердің ең көп саны жер қатынастары саласына және инфрақұрылым объектілеріне қосылу мәселелеріне тиесілі. Сондай-ақ, салық және мемлекеттік сатып алу жүйелерінде де проблемалар бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен «Атамекен» ҰКП бірлескен кеңесінде «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлерге кедергі болатын мәселерді шешуді жүзеге асырған.
«Кәсіпкерлер көбінесе орындалған шарттар үшін уақтылы төлем ала алмаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін 220 бизнес субъектілерінің алдындағы...