Қазақстандық еріктілерге мемлекеттік сақтандыру қажет. Бұл мәселені Астанада өтіп жатқан халықаралық волонтерлар форумында «Ұлттық еріктілер» желісінің басшысы Вера Ким көтерді.
«Соңғы кезде Төтенше жағдайлар жиілеп кетті. Бұл тек біздің елімізде ғана емес, біз бауырлас елдерге де көмек көрсетіп жатамыз. Осы бағытта жүрген жандарды, волонтерларды, төтенше жағдай салдарымен күресіп жүрген адамдардың мемлекет тарапынан қорғалуын қалаймыз. Осындай азаматтарымыз мемлекет тарапынан сақтандырылғаны дұрыс деп ойлаймын. Бұл біздің волонтерларымыздың да алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайды», дейді Вера Ким.
Сонымен қатар еріктілер тобының жетекшісі мұндай сақтандыру арнайы оқытылып, сертификат алған еріктілерге берілу керек екенін айтты.