ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният министрлік Алматыдағы қалалық ауруханада үш адамның АИТВ жұқтыруына кінәлілерді іздеп жатқанын мәлімдеді.
Сенат отырысы кулуарында журналистер министрден пациенттердің АИТВ жұқтыруына қатысты түсінік беруді сұрады.
Министр қазір комиссия жұмыс істеп жатқанын, оның құрамына ведомствоның үздік қызметкерлері енгенін айтты.
«Алдымен инфекцияның аурухана ішінде таралуының алдын алуымыз керек. Тексеру аяқталғаннан кейін толық ақпарат береміз. Енді біз толық эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, инфекцияның қайдан шыққанын, таралу жолын, ауруханаішілік инфекция болған-болмағанын анықтауымыз қажет», – деді министр.
Сонымен қатар журналистер министрден бұл оқиғаға қатысты өзін жауапты сезіне ме және отставкаға кету туралы өтініш жаза ма...