Назарбаев Университетін қаржыландыру мәселесі мәжілісмен Мұрат Әбеновтің сынынан кейін қайта қаралатын болды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-ны қаржыландыру тәртібі өзгеріссіз қалады деп мәлімдеді.
«Университетте қазіргі таңда заманауи зертханалар орнында қалады. Қаржыландыру тәртібі де өзгеріссіз болады. Бірақ қазір таңда біз барлығын сараптап, талдауымыз қажет. Осы талдаудың нәтижелерін алдағы уақытта көреміз», – деп атап өтті министр.
Бұған дейін депутат Мұрат Әбенов Үкімет сағаты барысында Назарбаев Университеті ел бюджетіне негізсіз шығын әкелетінін мәлімдеген-ді. Оның айтуынша, ЖОО отандық ғылымның елеулі дамуына үлес қоса алмады.
Мәжілісмен бір кездері барлық зертханалар Назарбаев Университетіне беріліп, оның мәртебесін көтергенін атап...