Фото: shutterstock.com
14 мамырда Түркияда өткен президент сайлауының бірінші кезеңіндегі нәтиже бойынша үшінші орынға тұрақтаған үміткер Синан Оған мәлімдеме жасады. Ол алдағы 28-мамырда өтетін президент сайлауының екінші кезеңінде қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанды қолдайтынын ресми мәлімдеді.
Синан елдегі ең ірі саяси дода президенттік сайлауға «Ата» альянсының атынан үміткер ретінде қатысып, нәтиже кезінде сайлаушылардың 5,17 пайызының қолдауыан ие болған еді. Бір қызығы кейбір сарапшылар осы «Ата» альянсына кіретін «Жеңіс» партиясының көшбасшысы Умут Оздағты сайлау кезінде екінші орынға табан тіреген, екінші кезеңдегі Ердоғанның негізгі қарсыласы болатын Кемал Кылычтароғлұны қолдауы мүмкін деген пікір айтады. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша екі саясаткер бүгін...