Алматы қаласының прокурорлары таулы аймақтарда құрылыс салу бойынша 150-ден астам заңбұзушылық анықтады.
Прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аталған сұрақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының қатысуымен өтетін Үйлестіру кеңесінің күн тәртібінде Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаевтың төрағалығымен қаралды.
Осы жиында тау бөктеріндегі құрылыста, су қоймасының бойында және ерекше қорғалатын аймақтарда 150-ден астам заң бұзушылық бар екені туралы баяндалды.
«2022 жылы тұрғындарды төтенше табиғат апаттарынан қорғау мақсатында, Алматы қаласының Бас жоспары тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік беретін, өзендердің су қоймаларын көгалдандыру шарасын қарастырды. 20 жылдан астам уақыттан бері бұл талаптар ескерілмей келеді» делінген хабарламада.
Прокуратураның наразылығымен...