Фото: kursiv.media
Киногерлер Ұлттық кинематографияны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталығының (ҰКМҚО) байқауға қатысатын фильмдерді іріктеуден әділетсіз өткізетінін айтып, наразылық білдірді, деп хабарлайды Власть сайты.
Киногерлер ҰКМҚО-ның алдын ала іріктеу нәтижелерін жоюды және Мәдениет министрімен кездесу ұйымдастыруды талап етті. Сондай-ақ ҰКМҚО басшысының жұмысына көңілі толмайтынын айтып, оған қатысты тергеу амалдарын бастап, басшысын қызметінен босатуды сұрады.
Киногерлер 2019 жылы қабылданған «Кино туралы заңда» сыбайлас жемқорлық жүйесін құруға жол беретін тұстардың бар екенін айтады. Заңда белгіленген шарттарға сәйкес ҰКМҚО питчинг кезінде қатысушыларды еш себепсіз байқауға қатыстармай қоюға құқылы екен. Кино саласының мамандары бұл заңда қарастырылған шарттар іріктеуден тек Мәдениет министрлігіне қарасты...