Бейсенбіде алтын бағасы қымбаттады. АҚШ Федералды резерв жүйесі мөлшелеменің өсу циклін тоқтата тұруы мүмкін екенін мәлімдеген соң АҚШ облигацияларының кірістілігі мен АҚШ доллары төмендеді. Бұл алтын бағасының шарықтауына ықпал етті. Бұл туралы Reuters жазады.
Алтынның бір унциясы 2040,46 долларға дейін қымбаттады. Алдыңғы сессияда баға бір унция үшін 2072,19 долларға дейін өсті және ол 2020 жылғы рекорд 2072,49 доллар деңгейіне жуықтады.
АҚШ-тағы алтын фьючерстері 0,6% – ға өсіп, 2050,10 долларға жетті.
ФРЖ базалық пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтерді, бірақ бұдан былай ставкалардың көтерілетініне қатысты мәлімдеме жасалған жоқ, оның орнына «бұдан әрі көтерудің қаншалықты орынды болатынын» анықтау...