ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық мониторинг жүргізіп, нәтижесінде еліміздің 8 қаласында атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейге көтерілгенін анықтаған. Олар – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш және Өскемен қалалары. Бұл жайлы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев айтты.
Аталған қалалардағы экологиялық жағдайды нашарлататын негізінен жылу электр станциялары екен. Мәселен, Алматыдағы көк түтін мен зиянды қалдықтардың 97 пайызын жылу электр станциялары шығарады екен. Сол себепті де, министрлік мұндай энергетикалық нысандарды реконструкциядан өткізіп, газбен жылытуға көшіруді жоспарлап отыр.
Осы мақсатта ЖЭС-3 нысаны 2025 жылы, ал ЖЭС-2 нысаны 2026 жылы толықтай газбен жылытуға көшіріледі. Бұл...