Ауылда тұрған жақсы ма, қала дұрыс па? Мұхиттың арғы жағындағы америкалықтар да мегаполистерден қашып, жанға тыныш жайлы жер іздеп жатыр. Себеп сол – тамақ қымбат, салық бар, коммуналдық төлемақы да халықты ығыр қылған,-деп хабарлайды 24.kz сайты.
Осындай қымбатшылық француздарды да шаршатты. Бұл елде үйсіз-күйсіз жүргендер көбейді. Нақтыласақ 4 миллион адам баспанаға мұқтаж. Америка халқы қаладан қашып, жайлы өмірді ауылды жерден іздеуге көшті. Өйткені алып мегаполистерде күн көру қиын. Қымбатшылық емін-еркін өмір сүруге мұрша бермейді. Ұлттық риелторлар қауымдастығының дерегіне сәйкес, былтыр елдің 25 штатынан азаматтардың жаппай қоныс аударуы байқалған. Мәселен, қалталылар қаласына айналған Нью-Йорктен өткен жылы 300 мың адам...