Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елімізде жиһаз өнімдерін өндіру көлемі 4,2 пайызға өсіп, 46,7 млрд теңгені құрады. Саладағы өсім көрсеткіші инвестиция көлемінің артуымен байланысты. Атап айтқанда, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жиһаз өнеркәсібіне 3 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63 пайызға артық. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Инвестиция жаңа жобалар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды одан әрмен дамытуға бағытталған. Мәселен, биыл Шымкент қаласында жиһаз өндіретін «Mega Smart B2B» ЖШС іске қосылса, Солтүстік Қазақстан облысында «Сапа Инвест Плюс» ЖШС жиһаз өнеркәсібі үшін шикізат компоненттерін шығару кәсіпорны пайдалануға берілді.
Өңірлер арасында жиһаз өнімдерін шығару бойынша...