«Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Әскери баспана» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу бойынша қорытындыларын жариялады.
Тұрғын үй төлемдерін алушылар өз мәртебесін Baspana Market (otbasybank.kz) жылжымайтын мүлік порталында көре алады. Негізгі тізімге 1380 адам, резервтік тізімге 276 адам енген. Егер негізгі тізімдегі үміткер бағдарламаға қатыса алмаса, оның орнын резервтік тізімдегі үміткер алады.
«Әскери баспана» бағдарламасы қатысушыларының пулына арнайы салымдарына тұрақты түрде қаражат жинап жүрген тұрғын үй төлемдерін алушылар енген.
Негізгі тізімге енгендер 2022 жылдың 10 қазанынан бастап несиеге өтініш бере алады. Маңызды артықшылығы – енді бағдарламаға қатысушыларға баспана іздеуге, оны бағалатуға және несиеге өтінім беруге тура бір жыл уақыт беріледі. Яғни...