Алматы облысында шетелден алғашқы тіркеу үшін алым төлемей ауыр жүк көліктерін әкелудің көптеген фактілері, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемей жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлік белгілерді беру жағдайлары анықталды, бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарланды.
Алматы облысының салық қызметкерлері Алматы облысының әкімшілік полиция басқармасын тексеру қорытындысы бойынша (2018-2021 жылдар кезеңінде) автокөлік құралдарын 13,5 млрд.теңгеге алым төлемей бастапқы тіркеудің 2 329 фактісі анықталды.
Үшінші елдерден әкелінетін автокөлік құралдары, атап айтқанда, Шығарылған жылы 7 жылдан асатын ершікті тартқыштар бастапқы есепке қою кезінде мөлшері 2 500 АЕК (2019 жылы – 6,3 млн.теңге, 2020 жылы – 6,9 млн. теңге, 2021 жылы – 7,3 млн. теңге) құрайтын...