Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1305551
Қазақстанда өткен тәулікте 3 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Алматы қаласы – 2
Алматы облысы – 1
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1305551.
Қазақстанда өткен тәулікте 3 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Алматы қаласы – 2
Алматы облысы – 1
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1305551.
Үндістанға әдеттен тыс аптап ыстық болуда. Аумақтың басым бөлігінде ауа температурасы 40 градустан асады. Бұл туралы euronews сайты хабарлады.
Елде 122 жыл бұрын метеорологиялық бақылаулар басталғаннан бергі ең ыстық наурыз айы болып отыр.
2015 жылы ауа райының қолайсыздығы 3,5 мың адамның өмірін қиды.
Бұл жолы тұрғындардан үйде отырып, мүмкіндігінше су ішу ұсынылады.
«Жоғары температура егін жинау науқанына әсер етпеуі мүмкін емес. Бұл ыстық әдеттен тыс ерте басталды. Мұндай жылу жаздың ортасына тән. Қалыпты аптап ыстықтың кесірінен егініміз зардап шекті. Температураның кенет көтерілуіне байланысты су деңгейі төмендеді. Мұндай типтік емес ысты...
Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органындағы жұмысынан босатылды. Бұл туралы t.me/atamekenbusiness_qaz хабарлады.
«2022 жылғы 26 қаңтарда Агенттік Төрағасының бұйрығымен Ербол Назарбаев Агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды. 2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.
Сербия үкіметі елге кіру үшін міндетті теріс ПТР сынамасын, экспресс антиген сынамасын және вакцинацияны растауды алып тастайды, деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«2022 жылдың 3 мамыры, сейсенбіден бастап шетелдік және серб азаматтары үшін COVID-19 жұқпалы ауруына байланысты Сербия Республикасына кіруге қатысты барлық бақылау шаралары мен шектеулер қолданылмайды. ПТР-сынаманы, экспресс-антиген сынамасын, вакцинацияны растау талап етілмейді», – делінген хабарламада.
Шектеулерді алып тастау туралы шешім елдегі және ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жабық орындарда бетперде кию бойынша ұсыныстар сақталады.
Ресейде биылғы жылдың бірінші тоқсанында қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалған қылмыстар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға дерлік азайды. Бұл ТАСС агенттігімен танысқан РФ Ішкі істер министрлігінің деректерінен туындап отыр.
«2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды қолдану арқылы 1,2 мың қылмыс жасалды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 8,6%-ға аз», – делінген материалдарда.
Жалпы, Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда елде қарудың заңсыз айналымына қатысты анықталған қылмыстар саны 11 пайызға дерлік азайған. Олардың саны 6,7 мыңды құрады.Сонымен қатар, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш...
АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ның «ашық есік» саясатын қолдайды және Финляндияны альянсқа қосуды жақтайды, деп жазды АҚШ лидерінің баспасөз хатшысы Джен Псаки. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Псаки Ақ үй НАТО саясатын қолдайтынын, оған мүдделі және талаптарға сай келетіндер ұйымға кіре алатынын түсіндірді.
«Біз Финляндия басшылығының және басқалардың мүшелікке өтініш беру туралы кез келген шешімін қолдаймыз», – деді Ақ үй өкілі.
Бұған дейін The Times газеті Швеция мен Финляндияның НАТО-ға 2022 жылдың жазында кіретінін жазған болатын. Дереккөздердің бірі, АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі мұны Ресейдің стратегиялы...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда кз сайты хабарлады.
«Құрметті отандастар!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Отыз күндік оразадан кейін келетін бұл мерекені халқымыз қашанда ерекше сезіммен, зор қуанышпен қарсы алады. Рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын Рамазан айын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды.
Ораза айт әр мұсылманның жүрегіне имандылық нұрын себеді. Жұртты жақсылық жасауға, қанағатшыл, қайырымды және кешірімді болуға үндейді. Біз халқымыздың осындай бірегей қасиеттерінің арқасында бірлігімізді бекемдеп келеміз.
Исламның асыл құндылықтары Жаңа Қазақстанның да руханиятын өркендетуге септігін тигізері сөзсіз.
Айт қабыл болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Олар үш күзетшіні кепілге алды
Венесуэланың Карабобо штатындағы полицияны үйлестіру орталығының тұтқындары жаппай тәртіпсіздік жасап, үш күзетшіні кепілге алды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Олар толып жатқан камераларды қайта орналастыруды талап етті. Елдің прокуратурасы оқиғаның аяқталып, 50-ден астам адам жақын маңдағы түрмеге ауыстырылғанын хабарлады.
«Карабобоның адам құқықтары жөніндегі №14 және 28-ші прокуратурасының қызметкерлері тәртіпсіздіктерді басу үшін Лос Гуайостың Боливар ұлттық полициясының үйлестіру орталығына келді. Олар кепілге алынған үш адамды босатып, 53 тұтқынды Токуито сот түрмесі ауыстырды», – деп жазды Венесуэланың бас прокуроры Тарек Уильям Сааб өз блогында.
Жергілікті БАҚ отбасы мүшелеріне сілтеме жасап, тәртіпсіздікке тұтқындардың құқықтарының бұзылуы және камераларда...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы дамуының қазіргі жай-күйін жан-жақты талқылады.
Мемлекеттер басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге мамыр айының ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шартына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.
Бейжің билігі COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты қаладағы барлық мектептерді жапты, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.
Қала билігі мектептердің қашан ашылатынын жариялаған жоқ. Сондай-ақ, мектептер қашықтан оқытуды қамтамасыз ете ала ма, әлде емтиханға дайындалып жатқан студенттерге өз аудиторияларына оралуға рұқсат бере ме, ол да белгісіз.
Бұған дейін Бейжің халықты коронавирусқа жаппай тестілеуді тапсырған болатын. Жұмаға дейін елорда тұрғындарының үштен бірі тексеріледі деп күтілуде. Қаланың COVID-19 жағдайлары анықталған кейбір бөліктерінде локдаун енгізілді.
Қытайда пандемияның бүкіл кезеңінде 214 мыңға жуық коронавирус инфекциясы және аурудың салдарынан 4,9 мыңнан астам адам қайтыс болды.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Апат 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматы қаласы әуежайы маңында орын алған еді.
Қорытынды есеп Нидерланд Корольдігінің қауіпсіздік жөніндегі бюросымен, Мемлекетаралық авиация комитетімен келісілді.
«Комиссия қорытындысына сәйкес, «Бек Эйр» ұшағы әуеге көтерілген кезде, қанаттының күш түсетін қасиеттері симметриясын жоғалтуы салдарынан апатқа ұшырағаны анықталды. Соның кесірінен ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін фюзеляжға құлап, қар басқан топырақта оңға қарай ауып кеткен, одан кейін әуежай қоршауын бұзып, аталған қоршаудан 9-10 метр жерде тұрған екі қабатты жеке үйге соғылған» делінген хабарламада.
Қорытынды есептің толық нұсқасы ҚР ИИДМ сайтында...
Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Мемлекет басшысы бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІ сессиясында мәлімдеді.
«Конституцияға түбегейлі сипаттағы және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін өзгерістер енгізу бастамасын көтердім. Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшіп жатырмыз. Мұндай сапалы ауысуды екінші республика деуге болады.
Жұмыс тобы негізгі заңның 33-бабына түзетулер дайындады. Ал бұл – бүкіл Конституцияның үштен бірі. Аталған өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңеске берілді. Жуырда шешім шығарады», – деді Президент.
Қазақстанда өткен тәулікте 17 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 9
Алматы қаласы – 5
Алматы облысы – 2
Қарағанды облысы – 1
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 1305521.
Қырғызстанның жедел штабы 2022 жылдың 1 мамырынан бастап Қырғыз Республикасының азаматтары мен көліктің барлық түрлерінде мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін кесіп өтетін шетел азаматтары үшін теріс ПТР сынама немесе коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация сертификатыналып тастауды тапсырды. Бұл туралы елдің Министрлер кабинетінің хабарламасында айтылған.
Сондай-ақ, министрлер кабинетінің келесі отырысына үкіметтің төтенше жағдай режимін енгізу туралы қаулысының күші жойылды деп тануды көздейтін шешім жобасы ұсынылатыны хабарланды.
Қырғызстанда барлық уақытта 200,9 мың адам коронавируспен ауырып, оның 2,9 мыңы қайтыс болды. Қазір онда 1,6 мың адам ауырып жатыр. Елде төтенше жағдай...
БҰҰ Сирияға 73 гуманитарлық жүк көлігін жіберді. Бұл туралы Анадолу агеттігі хабарлады.
Гуманитарлық көмек Идлиб пен оның төңірегіндегі мұқтаж жандарға таратылады.
Сириядағы соғыс 2011 жылдың наурыз айында, әскерилер демонстранттарға оқ жаудырғаннан кейін бейбіт шерулер қарулы қақтығысқа ұласқан кезде басталды.
БҰҰ мәліметі бойынша, қақтығыс кезінде 400 мыңнан астам адам қаза тапты, 10 миллионнан астамы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 4,8 миллион адам елден тыс жерлерді паналаған.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Швеция мен Финляндияны НАТО-ға кіру туралы шешім қабылдаған жағдайда «қолдау көрсететінін» айтты. Бұл туралы INTERFAX.RU сайты хабарлады.
«Әрине, олар бұл шешімді қабылдайды деп үміттенеміз. Егер осылай шешілсе, біз қолдаймыз», – деді Блинкен Өкілдер палатасындағы тыңдау кезінде.
Хатшы елдердің қашан шешім қабылдайтыны туралы нақты мерзім айта алмайтынын түсіндірді, бірақ бұл мәселені «өте белсенді түрде қарастырып жатқанын» атап өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, жақын арада НАТО саммиті өтеді. Самит басталғанға дейін нақты ақпарат алу қиын», – деді Блинкен.
Швеция мен Финляндияда Ресейдің Украинадағы әскери...
Қазақстанның Қарулы Күштері Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттермен оқу-жаттығулар өткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Интерфакс.
«Ағымдағы жылдың қазан айында Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарымен «Поиск – 2022» арнайы оқу-жаттығуы және «Эшелон – 2022» материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерімен арнайы оқу-жаттығулары Қазақстан аумағында өтеді, – деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Тәжікстан аумағында Орталық Азия аймағының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің «Шекара – 2022» бірлескен оқу-жаттығуы, ал Қырғызстанда бітімгершілік бөлімшелерімен «Бұзылмайтын Бауырласты...
«ҚТЖ» АҚ жолаушылар техникалық паркі аумағында лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі елордалық жедел штаб сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Ведомствода атап өткендей, оқу-жаттығулар жауынгерлік жағдайға барынша жақын болады.
«Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», – делінген Нұр-Сұлтан ПД хабарламасында.
2022 жылдың бірінші тоқсанында Ресейде тағамдық қоспаларға (БАД) сұраныс күрт өсті. Бұл туралы DSM Group деректеріне сілтеме жасап Известия сайты хабарлады.
Дәріханаларда тағамдық қоспаларға сұраныс 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,5 пайызға өскені атап өтілді. Ақшалай есептегенде нарық 45,2 пайызға өсіп, 29,3 миллиард рубльді құрады.
DSM Group деректері бойынша витаминді-минералды кешендер мен пробиотиктер ең көп сатылатын болды. Сонымен қатар, ресейліктер арасында танымал қартаю процесін бәсеңдетуге, қалыпты холестерин деңгейін және қан қысымын сақтауға көмектесетін өнімдер, сондай-ақ ерлер мен әйелдер денсаулығына арналған тағамдық қоспалар кіреді.
Зерттеуге сәйкес, ресейліктер қымбат тағамдық қоспаларға...
Өндірілген көмірдің 16,7 млн тоннасы энергетикалық компанияларға, 2,2 млн тоннасы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 2,4 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты 8,6 млн тоннаны құрады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстар мен қалалар әкімдіктерінің деректері негізінде, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, 2021-2022 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарын қалыптастырған.
Жоспарға сәйкес, осы кезеңде тұтыну көлемі 9,336 млн тоннаны құрауы тиіс (коммуналдық-тұрмыстық секторға – шамамен 3 млн, халық үшін-6,3 млн тонна). Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, өңірлерден 9,338 млн...
Қазақстанда өткен тәулікте 15 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 4
Алматы қаласы – 7
Алматы облысы – 1 Қарағанды облысы – 1
Маңғыстау облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 1
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1305504.
Қаңтар айында зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген шығын өтеледі. Бұл туралы Алматы қаласының баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы әкімдігі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртеніп кеткен немесе зақымданған автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі. Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түсті.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды. Қарауда 45 өтінім бар. Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді. Оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.
Енді eGov.kz порталында әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды және зейнетақыларды рәсімдеу үшін өтініш берген кезде 20 таңбалы шот нөмірін (IBAN) қолмен енгізудің қажеттілігі болмайды. Жүйе қолжетімді шоттарды өтініш берушінің ЖСН-і бойынша алады, бұл өз кезегінде шот нөмірін қате енгізу мүмкіндігін болдырмайды. Жәрдемақы алу үшін арнайы шотты еліміздің үш банкінде ашуға болады: Halyk Bank, Kaspi.kz және «Банк ЦентрКредит» АҚ. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы хабарлады.
Бұл функция ҚР Еңбек...
Ресейде адал салық төлеушілердің рейтингі пайда болуы мүмкін, мұны ел президенті Владимир Путин жоққа шығармайды. Кремль сайтында жарияланған нұсқаулар тізімі үкіметті осы мәселені қарастыруға шақырады. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.
Құжатта мұндай рейтингті салықтық преференциялардың осы рейтингімен көшбасшыларды қамтамасыз ету үшін салық жүктемесінің деңгейін ескере отырып қалыптастыру керектігі айтылған. Сонымен қатар, Путин бизнес субъектілерінің түрлі органдарға беретін есеп беруді оңтайландыруды да тапсырды. Осы тақырып бойынша есеп 1 маусымға дейін, содан кейін жарты жылда бір рет ұсынылуы керек.