Дамушы нарықтардың валюталарына қысым көрсетілді
Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылдың 1-8 сәуір аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ ФРЖ наурыздағы отырыстың хаттамасын жариялады. Онда отырысқа қатысушылардың басым көпшілігі келесі отырыстарда мөлшерлемені 50 б.т. арттырудың орынды болуы мүмкін екенін атап өтті. АҚШ ФРЖ басшылары реттеушінің балансындағы 8,9 трлн АҚШ долларына жеткен активтердің мамырда айына 95 млрд АҚШ долларына дейін қысқаруы мүмкін екені туралы белгі берді. Бұл факторлар дамушы нарықтардың валюталарына қысым көрсетіп, АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуіне және АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюына...