Кибер алаяқтардан қорғанудың қарапайым қағидалары
Цифрлық әлемде ұдайы орындап отыруды талап ететін өзіндік гигиена қағидалары бар. Тек оларды бұлжытпай орындаған жағдайда ғана олар сіздің киберкеңістігіңізді қорғауға көмектеседі, ал егер сіз оларға немқұрайлықпен қарасаңыз, қаржылық алаяқтардың тұзағына түсіңіз әбден ықтимал. Бұл туралы fingramota.kz айтып берді.
Интернеттегі қаржылық алаяқтардың құрбаны болмас үшін мынадай цифрлық гигиена ережелерін сақтаңыз:
– Жеке басын куәландыратын құжаттың фотосуретін әлеуметтік желілерде жарияламаңыз және мессенджерлер арқылы, әсіресе бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Конфиденциалды деректерді жоғалту көп жағдайда оларды үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануына әкеледі;
– Карточканың толық деректемелерін, әсіресе артқы жағындағы үш таңбалы кодты, SMS-тегі кодты және өзге де...