25 желтоқсанда Алматы қаласында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов журналистермен кездесу өткізіп, әлемде өзінің ғана емес, қазақ тілінің де танымалдығы артып келе жатқанын айтты.
Ол америкалық файтер Стивен Томпсонмен кездесуі аясында өзінен сұхбат алған журналистердің қазақ тілінде сөйлегенін естігенде қандай сезімде болғанын айтты.
«Басқа ұлттың адамдары қазақ тілінде сөйлеп тұрғаны мен үшін қуаныш, бақыт. Қазақ тілін құрметтеп, мен үшін қазақ тілінде сөйледі. Бұл керемет сезім… Қазақы тұмақты киіп шығып, оны әлемге танытып, өз дәстүрімізбен таныстырып жүргеніміз үлкен бақыт», – деді Рахмонов.
Сонымен қатар, қазақстандық файтер 6 жеңісінен кейін елге оралғанда жанкүйерлерінің өзін Алматы әуежайында күтіп алған кездесу...