Қазақстанда қаржы пирамидасын жарнамалау қылмыс деп танылып, пирамида құрғандар үшін жауапкершілік күшейтілді. Бүгін Сенат депутаттары қаржы пирамидаларымен күрес мәселесіне қатысты заңдарды екі оқылымда қабылдады.
Олар – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» заң.
Сенат Төрағасы қазіргі таңда қаржы пирамидалары қоғамдағы ең өзекті проблемалардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан ол қаржы алаяқтығымен күресте қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің маңызы зор екенін айтты.
«Қабылданған заңдарда қаржы пирамидаларының жарнамасын қылмыс деп тану...