Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Zaman Bank» ислам банкінің жаңа акционерлерінен аффилирленген белгілерді анықтады. Олардан ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін алу талап етілді, деп хабарлайды «Ручная Экономика» арнасы.
ҚНРДА басшысы Мәдина Әбілқасымова реттеуші «Zaman Bank-тің» екі жаңа миноритарлық акционері арасында аффилирленген белгілерді тапқанын айтты. Оларға негізгі акционер Алан Абгужинов өз үлесінің 10 пайызын сатқан болатын.
«Біз аталған жеке тұлғалар арасында аффилирленген белгілерді анықтадықк және заңнамаға сәйкес олар ірі қатысушы мәртебесін алуға міндетті. Қазіргі уақытта біз олардан ірі қатысушы мәртебесін алу үшін құжаттарды ұсынуды талап еттік», – деді Мәдина Әбілқасымова.
Акционерлер ведомствоға құжаттарын...