Ұлттық банк биыл AQR жүргізілетін қаржы ұйымдары тізімін бекітті. Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес отырысы өтіп, 2023 жылы банк секторы активтері сапасын тәуелсіз бағалау мен стресс-тестілеуден өтетін банктер анықталды.
Тұрақты AQR 2022 жылдан бері қадағалау процесінің бір бөлігі ретінде өткізіледі.
Кеңес жұмысына Қазақстан Ұлттық Банкі, Президент Әкімшілігі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қаржы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігінің басшылары қатысқан.
Бұдан бөлек, Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес мүшелері банктердің 2019-2020 жылдары өткізілген AQR нәтижесі бойынша түзету іс-шараларының жеке жоспарларын орындау нәтижелерін тыңдады.
«Аталған жоспарлар толық орындалғанға дейін банктер негізінен 2023 жылдың І жартыжылдығына орындалуы...