Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері қоқыс өңдеу бизнесін тұрақты кәсіп көзіне айналдырып, тұрмыстық қалдыққа екінші өмір сыйлап жүр. Амантай Айдарханұлы жеке кәсіппен айналысқанға дейін 13 жұмыс орнын ауыстырған. Дегенмен, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосу жанына жақын миссия болғандықтан, осы бизнес түрін бастаған. Амантайдың айтуынша, бұл істе бәсеке аз.
– Амантай Айдарханұлы тұрмыстық қалдық өңдеу саласында бизнес ашуға не түрткі болды?
– Басты мақсат – ол қоршаған ортаға аз да болса өз үлесімді қосу. Әрине бұл жерде қаржыны да айтпай кетуге болмайды, пайда жағы да өте жақсы. Бала кезімде әкем бай болғың келсе, адамдарға керек емес дүниені жина деп жиі айтатын. Сондай-ақ, мен...