«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бүгінде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, азаматтарға қызмет көрсету уақытын қысқарту саласында табысты жұмыс істеуде. Ал енгізілген бірыңғай ұйымдастыру қызметі құрылымды біріздендіруге және оңтайландыруға, лауазымдардың бірыңғай тізілімін және еңбекке ақы төлеудің теңгерімді жүйесін құруға мүмкіндік берді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Дыбыспаевпен сұхбат барысында айтылды.
– Қанат Болатжанұлы, алдымен оқырмандарымызға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынатын мемлекеттік қызметтер жайлы айта кетсеңіз
– Бүгінде Мемлекеттік корпорация жиырма екі мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болып табылады. Қызметінің негізгі бағыттары: халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік...