2024 жылдан бастап мемлекет әр баланың жеке шотына ақша аудара бастайды. Төлем Ұлттық қор қаржысы есебінен бала 18 жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров түсініктеме берді. Бас экономист тек бұл туралы ғана емес, Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасын да таныстырған еді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 пайызын мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, кейін оларды тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу жоспарланып...