Мемлекеттік кірістер комитетінде 2022 жылдың 7 айына Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен өзара сауда айналымына шолу дайындады.
2022 жылдың 7 айында Қытай Қазақстан Республикасымен саудада
1-орында (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді есепке алмағанда). Сыртқы тауар айналымындағы Қытайдың үлесі 22,6 %-ды құрайды.
Тауар айналымының көлемі 13,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,3 %-ға артық, өткен жылы ол
9,7 млрд. АҚШ долларын құраған.
Тауар айналымының көлемі тауарлар экспортының 52 %-ға өсуі есебінен ұлғайды.
Қазақстанның Қытайға экспорты осы жылдың 7 айында 8 млрд. АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 52 %-ға өсті. Мысалы, өткен жылдың 7 айында экспорт 5,3 млрд. АҚШ долларын құраған.
Экспорттың негізг...
Жаңалықтар
Түркістан облысында ер адам жүргізуші куәлігін жасап беремін деп тұрғынның атынан үш бірдей несие алған, – деп хабарлайды Polisia.kz Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, ол осы жылдың тамыз айында бейтаныс ер адаммен танысқан. Содан әңгіме барысында ол жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендірген. Осыдан соң жәбірленуші бейтаныс ер адамға жеке куәлігінің көшірмесі мен 250 мың теңге ақша берген. Алайда 1 апта ішінде бітеді деген жалған уәде 2 айға созылған. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге...
Павлодар облысының тұрғыны әкесін балағаттағаны үшін 10 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2772 құқық бұзушылық тіркелді. Тәртіп бұзушыларға қатысты 4482 қорғау ұйғарымы шығарылды, оларды бұзғаны үшін 342 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 530 ерекше талап қойылды, оның ішінде 464 құқық бұзушыға алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды. Алкогольді шектен тыс пайдаланатын және нашақорлар 239 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберіліп сотталды. Жергілікті атқарушы органдармен ІІО есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 53 адам жұмысқа орналастырылды.
– Мысалы, алкогольдік масаң күйде болған Ертіс ауданының тұрғыны өзінің 84 жастағы әкесін балағаттаған. Қарт адам...
Қазіргі уақытта әлемде оқи да, жаза да алмайтын 770 млн астам ересек адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар қызметі сайтына сілтеме жасап.
Тек әр бесінші мемлекет 12 жасқа дейін тегін міндетті білім беруге заң тұрғысынан кепіл бере алады. Көптеген елдерде пандемияға байланысты білім саласы айтарлықтай нашарлады. ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле соңғы онжылдықтардағы осы бағыттағы үлкен жетістіктерді еске түсіре отырып, білім беру саласындағы күш-жігерді жандандыруға шақырды. Ол білім беру басты қоғамдық игіліктердің бірі екенін және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы барлық күн тәртібін жүзеге асырудың маңызды құралы екенін атап өтті.
«Бірлескен күш-жігердің арқасында біз бұл бағытта...
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Богдан Миндрескумен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Румынияның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Николь Стойка және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Каталин Раду қатысты.
Кездесу барысында тараптар әуе, көлік, темір жол және теңіз салаларындағы бірқатар мәселелерді талқылап, барлық көлік түрлері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ қозғалған мәселелер бойынша сараптамалық жұмыс топтарын құруға келісті.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев және Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Б. Миндреску Қазақстан мен Румыния авиациялық билік орындарының арасындағы өзара түсіністік туралы...
Биылғы жылдың тамыз айына қарай ҚР-да экономикаға берілген несиелердің көлемі 20,36 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,1% артық. Несие нарығының негізгі драйвері ипотека. Азаматтардың тұрғын үй салуға және сатып алуға алған несиелерінің көлемі бір жылда бірден 46,3%, 4,16 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл экономикаға берілген несие портфелінің 20,4%-ын құрайды, көрсеткіш бір жыл бұрын 17,8%, бес жыл бұрын бар болғаны 8,8% болған еді.
Ескерту: бұл ретте ипотекалық сегменттегі мерзімі өткен несиелердің көлемі небәрі 36 млрд теңгені құрады — бір жыл бұрынғыдан 26,4% аз. Ипотекалық несие портфеліндегі мерзімі өткен кезеңнің үлесі бір жыл бұрынғы 1,7%, 2017 жылғы шілдедегі 7,8% және...
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті «Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген 31 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам елорда тұрғынының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған. Қаскүнем жәбірленушінің сеніміне кіріп, оны мемлекеттік тұрғын үй алу кезегін жылжытуда қызмет көрсетуге көмектесетін ықпалды туыстары бар екеніне сендіргені анықталды. Сенгіш әйел оған 75 мың теңге берген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарды қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Бағалы заттарды немесе ақшаны бергенде қайталап тексеріп, сақтық таныту қажет.
Ақпарат Нұр-Сұлтан қ.ПД Баспасөз қызметінен алынды
Бұл туралы Шарлапаев журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, ребрендинг қажет болады. Ол 1 қыркүйекте меншік құқығын беру мәмілесі жабылғанын қосты
«Жаңа банк «Береке банк» деп аталмақ. Қазақтың жақсы сөзі, оны бәріміз бір-бірімізге тілейміз. Менің ойымша, бұл банк бұрын жұмыс істеген құндылықтар мен міндеттемені көрсетеді және болашақта жұмысын жалғастырады деп үміттенемін»- деді Қанат Шарлапаев
2 қыркүйекте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Қазақстандағы Жинақ банкінің еншілес банкі («Сбербанк» АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сату-сатып алу мәмілесін жапқаны белгілі болды.
Мемлекет биылдан қалдырмай жеке тұлғаның банкроттығы туралы заңды қабылдайды. Қабылданамын дегенше көп талқылау болып жатыр және ол орынды да. Өйткені жеке тұлға банкроттығы – аса нәзік мәселе. Иә, бұл заң аясында азамат өз несиесінен түгелдей құтылады, бірақ соған сәйкес бірқатар шектеулерге де тап болады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, елімізде банкроттықтың үш түрлі процедурасын енгізу қарастырылып отыр.
Біріншісі – соттан тыс банкроттық (азаматтың банк, микроқаржы ұйымы және коллекторлар алдындағы қарызы 4,9 млн теңгеден (1 600 АЕК) аспауы керек).
Екіншісі – сот банкроттығы (қарызы 4,9 млн теңгеден асатын азаматтар пайдаланады).
Үшіншісі – клиенттің төлем қабілетін қалпына келтіру процедурасы (сот арқылы қарызды...
Қазақстанда күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді ең төмен бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен бөлшек сауда өткізгені үшін 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап айыппұл салынады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылды.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілгені белгілі, онда арақтарға және айрықша арақтарға, арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бағаларды реттеуден басқа коньяк пен брендиге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу көзделген.
Осыған байланысты, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 282-бабы 3-тармағының 4-бөлігіне арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен...
Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі хабарлағандай, 12 қыркүйекке қараған түні қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқитын 15 жастағы оқушы жоғалып кеткен.
– Қоңырау 102 пультіне қыздың анасынан түнгі 01:40 минутта келіп түскен. Әйелдің айтуынша, қызы жанжалдан кейін үйінен шығып кеткен. Кәмелетке толмаған баланың жоғалғанын ескеріп, арнайы іздестіру тобы құрылды. Абырой болғанда, қыз табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды, – деді аталған бөлімшенің бастығы Елнұр Құдретбаев.
Спикердің айтуынша, оқиғаның мән-жайы мен себептерін егжей-тегжейлі зерделеу барысында отбасының жақсы екендігі анықталды. Олар Алматы қаласында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап тұрады.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтынан алынды
Энергетикалық нысан ЖЭК әлеуетін дамытуға қолайлы бірегей аймақта – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізінде салынды.
Жобаның жалпы құны – 37,4 млрд теңге. Жаңа станция әрбір номинал қуаты 2,5 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғысынан тұрады. Бұдан бөлек, оған қосалқы станция, соған сәйкес инфрақұрылым салынып, сондай-ақ әуе электр жеткізу желілері тартылды. Станция әлемдік жел турбиналарын өндіруші жетекші компаниялардың бірі – «GoldWind» компаниясының жабдығын пайдалана отырып салынды.
Жаңа ЖЭС жылына 225,7 млн. кВтс электр энергиясын өндіретін болады. Өндірістік сипаттамаларынан бөлек, жоба өзінің экологиялық құрылымы тұрғысынан өңір үшін маңызды. Электр станциясын салу және оны іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға...
Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелермен қамту жұмысы жалғаса береді.
Қазіргі уақытта уәкілетті орган бағдарламаның жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, балаларды барынша кең қамтуға бағытталған, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алаяқтық схемалардың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған талаптар енгізілуде.
Бірқатар өңір әкімдіктері бағдарлама аясында қызмет ұсынған кәсіпкерлер алдындағы берешекті өтеу үшін қажетті қаражат іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өту қажет.
Ақпараттық кеңістікте Artsport бағдарламасының жабылуы туралы тарап жатқан хабарламалар шындыққа жанаспайды.
2022 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 35 686 құрады және 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 17,4% өсті.
Мәмілелердің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап тұр, тиісінше 6 392 және 6 389 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір Ұлытау облысы – 412. Тамыз айындағы ең үлкен төмендеу Шығыс Қазақстан (-37,5%) және Алматы (-25%) облыстарында орын алды, бұл аймақтардың бөлінуіне байланысты болды. Бұл ретте, Қарағанды облысында мәмілелердің саны небәрі -5,7% құрады, бұл мәмілелер саны бойынша облыстың жетекші позицияда болғанымен түсіндіріледі.
Мәмілелердің 74,3% көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалған, сатылымдағы жеке үйлердің үлесі қалған 25,7% құрады. Жыл басынан бері алғаш рет...
Әуе кемелерінің құстармен соқтығысу жағдайларын азайту жедел шешімдер қабылдауды талап етеді – ҚР ИИДМ
Соңғы уақыттарда әуе кемелерінің құстармен соқтығысу жағдайлары жиілеп кетті. Салдарынан авиакомпаниялар рейстердің кешіктірілуіне және әуе кемелерін жөндеуге байланысты қомақты шығынға ұшырауда.
«ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына сәйкес ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне жүктелген. Сонымен қатар ҚАӘ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға да жауапты. Ұшу кезіндегі осындай олқылықты жайттардың алдын алу және азайту мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жедел кеңес өткізді. Алматы қаласы, Алматы облысы әкімдіктері және бірқатар отандық авиакомпаниялар мен...
«Солтүстік», «Батыс», «Оңтүстік-батыс», «Шығыс қақпасы» және «Тарихи орталық». Қала тұрғындарының басым бөлігі осы орталықтарда тұратын болады. Бұл туралы «Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарында» айтылады.
Барлық аудан бірігу және көшелердің желісі есебінен өзара байланыста болады. Қала тұрғындары қаланың кез-келген жеріне оңай бара алады. Полиорталықтарды дамыту экономиканың өсуіне және көшелерді әлеуметтендіруге ықпал етеді.
«Север» – Алматы-1 темір жол станциясына іргелес аумақ. Бұл жерде қызмет көрсету саласы дамиды. Өндіріс пен базарлар жойылады. ҮАК бойы, Баум тоғайы сынды кейбір аумақтар демалыс пен көгалдандыруға қолданылады.
«Шығыс қақпасы» – Талғар және Құлжа тас жолының ауданы. Әуежай аймағындағы көрме-ойын-сауық орнына және логистикалық хабқа...
Бұл Отбасы Банк салымшылары 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша жинақталған өз салымдарына 10% көлемінде өтемақы төленетінін білдіреді.
Салымдар бойынша қаражатты есептеу тәртібі бүгін күшіне енген жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларымен реттеледі.
– 10% көлемінде өтемақы төленетін ең жоғарғы сома 20 млн теңгеге тең. Бұл бір банкте ашылған барлық депозиттердің жалпы сомасы. 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша Отбасы банкінде жалпы көлемі 1,6 трлн теңгеге 2,3 млн жинақ шоты болды. Бекітілген ережеге сәйкес, өтемақы өтініш беру арқылы төлем келісімін растаған салымшыларға ғана төленеді. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін біз бұл процесті онлайн режимінде жасадық. Өтініштерд...
Ауқымды финалдық шоу, жұлдызды қазылар алқасының әділ таңдауы, әлеуметтік проблемаларды шешуге мен қайырымдылықты белсенді дамытуға және өзін әлемдік аренада танытуға таптырмас мүмкіндік беруге бағытталған жобаның толық жаңартылған тұжырымдамасы – биылғы сұлулық байқауында аруларды не күтіп тұрғанын айтамыз.
Еліміздің басты мәдени байқауына 17-25 жас аралығындағы, бойы 165-185 см шеңберіндегі, тек сұлулығымен көзге түсіп қана қоймай, шешендік өнері басым, білімдарлығы жоғары арулар қатыса алады. Қазақ және ағылшын тілін жетік білу финалиске қызық әрі ерекше жарыс жолында жеңіске жетуге мүмкіндік беретіндігін баса айту керек.
«Miss Qazaqstan» байқауы – халқымыздың мәдени және этникалық негіздерін сақтау, насихаттау және мәдени мұраны дәріптеу. Сонымен қатар, байқау сұлуларды...
ҚМА БҚО бойынша департаменті жеке тұлғалардан қаражатты тарта отырып, «Нұр жиһаз» онлайн жобасында жиһаз ойнату арқылы, міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен қаржылық пирамидасын ұйымдастырған азаматшаға қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды.
Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, қаржылық және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2788 интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелген.
Интернеттегі алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері:
* интернет-хабарландыру арқылы тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем немесе толық төлем алу;
* пластикалық карта шоттарынан ақша ұрлау;
* әр түрлі жобаларға, ойындарға, инвестицияларға, ұтыстарға және т. б. ақша салу;
* азаматтардың жеке деректерін иеленуге арналған фишингтік сілтемелерді пайдалану.
Алаяқтардың тұзағына түсіп қалмау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кеңес береді.
Біріншіден, ешкімге жеке мәліметтерін, пластикалық карталардың деректемелерін, аударым түбіртектерін, әсіресе кодтар мен код сөздерін, тіпті банк, полиция қызметкерлері және т. б. ұсынатын адамдарға жіберудің қажеті жоқ.
Екіншіден, сіз жеке деректерді белгісіз және...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орналасқан әкімшілік ғимаратта Министр Т.Дүйсенова мен ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Д. Нұржігіт, Л. Рамазанова, А. Жамалов, Д. Закиеваның қатысуымен «Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының» белсенділерімен кезекті кездесуі өтті.
Кездесу барысында азаматтарды зейнетақының барабар мөлшерімен қамтамасыз ету үшін қабылданатын шаралар ұсынылды. Қозғалыс өкілдеріне Мемлекет Басшысының зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру туралы Жолдауда айтылған тапсырмалары бойынша түсініктемелер берілді:
– жоспарланған әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде ұзарту туралы шешімді 2028 жылға дейін тоқтата тұру жөнінде;
– кейінгі 3 жыл ішінде жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% – ға...
Сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды.
Тізімге енген мемлекеттік қызметтердің арасында бала тууы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, баланы мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақы тағайындау, еңбек мигранттары рұқсатын рәсімдеу немесе ұзарту және спорттық атақтар беру сынды мемлекеттік қызметтер бар.
«Бұрын клиент осындай қызметтер бойынша ХҚО-ға келіп, қызметті ресімдеу үшін өтінім беріп, дайын құжатты алар кезде қолхат алатын. Содан кейін ол қажетті құжатты алу үшін қайтадан келуге мәжбүр болды. Біздің жаңа сервисіміз ХҚО-ға екінші рет бару қажетін жоққа шығарады. Бұл қалай...
Әлеуметтік кодекс жобасында еңбекке қабілетті жастағы азаматтарды жаппай оқыту арқылы кәсіби дағдыларды қалыптастыру есебінен адами капиталды жоспарлы түрде арттыру және қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдайлар жасау көзделеді.
Бірінші. Еңбекке қабілетті азаматтарды оқыту үшін мақсатты санын бірнеше есе арттыру жоспарлануда.
Егер бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің желісі бойынша оқытумен азаматтардың жекелеген санаттарына жататын жылына шамамен 500 мың адам қамтылса, енді оқыту үшін нысаналы контингентке санаттары мен мәртебесіне қарамастан – 9 млн адамға дейін еңбекке қабілетті жастағы барлық азаматтар кіреді.
Бұл ретте жаңа дағдыларды алуға қолжетімділік үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өздері арасындағы жаңа әлеуметтік келісімшарт...
Украинадағы соғысқа байланысты батыс елдерінің Ресейге қарсы қатаң санкциялар жариялауы көрші елдегі экономикалық ахуалдың ушығуына әкелді. Бірқатар ірі өндірістік, технологиялық компаниялар Ресейден кетті. Әрине, олар үшін Ресей кемі 100 миллиондық нарық еді. Мұндай ауқымды нарықтан айырылу оларға да оңай емес. Сондықтан өңірден потенциалды мемлекет іздейді. Бұл ретте Қазақстанның мүмкіндігі көп. Бірақ әлемдік деңгейдегі алпауыт компанияларды қазақ жеріне алып келу үшін де сенімділік, ашықтық, әділдік ұстанымдарын берік ұстанатын саясат, тиісінше соған негізделген үлкен шешім керек.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі осы мәселемен жұмыс істеуді арнайылап тапсырған еді. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ресей нарығынан кетіп жатқан шетелдік компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуіне жағдай...