Қазақстан экономикасына құрылымдық реформалар қажет. Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланше Астанға кезекті сапары барысында осылай деп мәлімдеді.
Бюджет саясатының тиімділігін арттыру, салық заңнамасын жетілдіру, инвестициялық тартымдылықты күшейту және кәсіпкерлікті дамыту. Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы бірқатар ұсыныстарын айтты.
«Қосылған құн салығын арттырып, Ұлттық қордан ақша алуды шектеу керек. Сонымен қатар банктерді мемлекет ақшасы есебінен қаржыландыруды тоқтатып, Ұлттық банктің тәуелсіздігін нығайту маңызды», – деді Николя Бланше.
ХВҚ миссиясының басшысы Қазақстанның 2024 жылғы экономикалық өсу болжамын 3,9%-ға дейін көтерді. Бұрынғы болжам бойынша көрсеткіш 3,5% болатын. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке берген тапсырмасы...