Ресей Өзбекстанда қуаты аз атом электр стансасын салады. Екі ел президенттері – Владимир Путин мен Шавкат Мирзиеев тиісті келісімге қол қойған. Бұл жайлы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
Кремльдің сайтында Өзбекстанда қуаты аз атом электр станциясын салу туралы келісімге қол қойылғаны, АЭС-тің Өзбекстанның жақын арада электр энергиясын өндірудің жаңа түрін пайдаланатын елге айналуына мүмкіндік беретіні жазылған.
Атап айтқанда, Ресей президенті мен Өзбекстан президенті 2018 жылғы 7 қыркүйектегі Ресей Федерациясының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өзбекстан Республикасының аумағында атом электр станциясын салудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға сонымен бірге Өзбекстан Республикасында қуаты аз атом электр станциясын...