Қытайлық CNPC еншілес кәсіпорны «Маңғыстаумұнайгаз» Маңғыстау облысында көбірек мұнай өндіру үшін жүздеген ұңғыманы бұрғылайды. Бұл жайлы Бірыңғай экологиялық порталда жарияланған құжатта жазылған.
Нақтырақ айтқанда, 2024 жылғы «Қаламқас кен орнын игеру жобасында» 392 ұңғыманы бұрғылау жоспарланған. Оның ішінде 343 өндіруші ұңғыма және 49 сорып алу ұңғымасы бұрғыланады. Құжатқа сәйкес ұңғыманы бұрғылау жұмыстары 2024 жылы басталып, 2035 жылы аяқталады. Сонымен бірге компания 16 айдау ұңғымасы бар 6 учаскеде мұнай беруді арттыру үшін химиялық әдістерді қолдануды жоспарлап отыр.
«Қаламқас кен орнын игеру жобасы» жүзеге асырылатын бұл шаралар өндіріс көрсеткіштерінің төмендеуі жағдайында тиімділікті талдау және ұтымды нұсқаны таңдауға мүмкіндік бермек...